Клиент құрылғыларында орнатылған Kaspersky антивирустық бағдарламалары, құрылғыларды сканерлеу процесінде файлдарды карантинге немесе резервтік сақтау орнына орналастыра алады.
Карантин – анықтау сәтінде ықтимал вирус жұққан немесе емдеу мүмкін емес файлдар орналастырылатын арнайы қойма.
Сақтық көшірмелеу емдеу барысында жойылған немесе өзгертілген файлдардың сақтық көшірмелерін сақтауға арналған.
Kaspersky Security Center, құрылғылардағы Kaspersky бағдарламалары карантинге және резервтік сақтау орнына орналастырған файлдардың жалпы тізімін құрастырады. Клиент құрылғыларының Желілік агенттері карантиндегі және резервтік сақтау орындарындағы файлдар туралы ақпаратты Басқару серверіне жібереді. Басқару консолі арқылы құрылғылардағы сақтау орындарындағы файлдардың сипаттарын қарап шығуға, сақтау орындарының зиянды БЖ-ын тексеруді іске қосуға және олардан файлдарды жоюға болады. Файлдар күйінің белгішелері қолданбада сипатталған.
Карантинмен және резервтік сақтау орнымен жұмыс Kaspersky Anti-Virus for Windows Workstations және Kaspersky Anti-Virus for Windows Servers бағдарламаларының 6.0 және одан жоғары нұсқаларына, сондай-ақ Kaspersky Endpoint Security 10 for Windows және одан жоғары нұсқаларға қолжетімді.
Kaspersky Security Center файлдарды сақтау орындарынан Басқару серверіне көшірмейді. Барлық файлдар құрылғылардағы сақтау орындарында орналастырылады. Файлдарды қалпына келтіру, файлды сақтау орнына қойылған қауіпсіздік бағдарламасы орнатылған құрылғыда жүзеге асырылады.